Алматылық студенттер еgov.kz порталын қалай пайдалану керектігін үйренуге кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық студенттер еgov.kz порталын қалай пайдалану керектігін үйренуге кірісті

21.06.2019

50 белсенді студент онлайн қызмет алудың қыр-сырын меңгеріп, әрі қарай 50 құрбы-құрдасына үйретеді. Осылайша, «Жаңа цифрлық технологияларды меңгерген көшбасшы жастар арқылы өзгелердің де цифрлық сауаттылығы артады», - дейді мамандар. Айта кетейік, еgov.kz порталын тиімді қолдануды жыл басынан бері 50 мыңға жуық қала тұрғыны үйренген. Жалпы, бүгінде мемлекеттік мекемелердің 70 пайыздан астамы электронды үлгіде қызмет көрсетуге дайын. Ал, 2020-жылға қарай, бұл көрсеткіш 90 пайызға көбейеді.

Данияр Қырықбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры:

Қазіргі таңда 25-тен астам справка алуға болады немесе врач шақыра аламыз. Немесе прикреплять ете аламыз емханаларға. Бұл өмірдің талабы, бұл біздің Елбасымыздың талабы. Біз дүниежүзілік өмірден қалып қалмауымыз керекпіз.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу