Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы шолу шеңбері кенеттен тоқтап қалды. Бұл кезде аттракционда 18 адам болған. Оның алтауы бала. Тұрғындарды құтқаруға 30-ға жуық маман және 10 техника жұмылдырылған. Арнайы сатылар арқылы барлық тұрғын жерге түсірілді. Ешкім зардап шекпеген. Саябақтағы шолу шеңберінің биіктігі 27 метр. Аттракцион зауыттан 1986 жылы шығарылған. Айналмалы жабдық жыл сайын жаз мезгілінде үздіксіз іске қосылып келген еді. Қазір аттракционның жұмысы тоқтатылды.
Нұралы Мүсиев, БҚО ТЖД бас маманы:
19 маусым күні сағат 20:25-те аттракционның тоқтап қалғандығы жөнінде хабарлама түсті. Сол кезде тез арада оқиға орнына қаламыздың төтенше жағдайлар қызметтері жолданды. Яғни, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және жедел медициналық көмек көрсету қызметі.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ