Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласын қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласын қалады

21.06.2019

Ірі мегаполистің белсенді жастарымен жүздескен Елбасы, Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі. Ең сүйікті қала. Білім орталығы әрі өзінің туып өскен жері екендігін атап өтті. Кейінгі 28 жылда Қазақстан әлемдегі абыройы биік мемлекетке айналды. Дамыған, озық елдермен иық тіресіп, терезесі тең дәрежеде келіссөз жүргізіп, беделді ұйымдарға төрағалық еткен ел атанды. Сондықтан, осы капсуланы 30 жылдан кейін ашқанда, әлем өзгереді. Бірақ, Қазақ барда, Қазақ елі қалады. Ал, 2050 жылы Қазақстан өркениетті 30 елдің қатарына кіреді, деді Тұңғыш Президент.

 

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қалаған уақыт капсуласы тастан жасалған. Себебі, бұрын бабаларымыз тастарды ақпарат алмасатын материал ретінде қолданған. Оның сыртына сақтар дәуіріндегі суреттер салынып, аң стилімен бедерленген. Жобаның авторы - танымал суретші Санжар Жұбанов.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы:

 

Қазақстан бүгін әлем құрметтейтін мемлекет болды. Қазақ қай жерде болса да қазақты біледі. Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Қай жерге барып оқимын десеңдер, жол ашық. Осындай жағдайға жеткеніміз елдің бірлігі, елдің болашаққа деген үміттің орындалуы болып саналады. Енді осы капсуланы 30 жылдан кейін ашқанда 30 жылда тарих өзгереді, ел өзгереді. Сол кезде мына капсуланы ашып, біздің істеген шаруаларды біліп, менің үндеуімді оқитын болады.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу