Кәсіпорындардың тынысы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпорындардың тынысы ашылды

15.07.2014
Кәсіпорындардың тынысы ашылды

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік одақ елдерімен тауар айналымы еселеп артты. Биылғы жылы экспорт ауқымы бұдан да ұлғаймақ. Бұл өз кезегінде отандық өнімнің бәсекелестігіне оң ықпалын тигізеді.

«Трибо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2010 жылы құрылған болатын. Сол уақыттан бері жүк және жолаушы тасымалдайтын вагондарға қажетті тежегіш қалыптарын шығарып келеді. Өнімге сұраныс болғандықтан, ішкі нарыққа ғана емес, Ресейге де тауар жөнелтеді.

Ербол Әбиев, зауыттың қаржы директоры:

Жылдық қуаттылығы 500 мыңнан астам қалыптар шығарамыз. «Қазақстан Темір жолы», «Қазтемір транс» секілді ұлттық компанияларымен шартқа отырдық. Кедендік одақ арқасында біздің тауар айналым 2013 жылы 130 миллион теңгеден асты. Биыл осы күнге дейін 65 миллион құарды.

Ойрат Ажанов зауытта 4 жылдан бері еңбек етеді.  Жалақылары жоғары болған соң, жұмысшылардың ынтасы да зор.  Бір ауысымда 1500 тежегіш қалыбы жасалады.

Ойрат Ажанов, бригада басшысы:  

Уақытында жалақы аламыз. Ұнайды өзіме жұмысым, жалақы ай сайын 90 мың теңге. Бір тәулікте 1500 қалып шығарамыз. 4 бригада бар. 8 сағат жұмыс істейміз, 24 сағат демаламыз.

Кедендік одақтың құрылуы мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы құжатқа қол қойылуы, солтүстікқазақстандық кәсіпорындардың тынысын ашты. Қазір экспортқа бағытталған зауыттар көбейіп, екі арадағы тауар айналымы да артты.

Мұндай кәсіпорындарға мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Қосымша құн салығын төлеу мерзімі ұлғайтылып, субсидия бөлінеді. Осының арқасында өңірде ірі жобалар қолға алынуда.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Біздің облыста өткен 5 жылдықта 35 жоба қарастырылған. Соның 28 жобасы іске асырылды. 28 жобаның құны 27 миллиард теңге. Жаңа 1 мың 141 жұмыс орны ашылды. Ал, инвестиция осы 5 жылдықта екі есеге көп.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің берері мол, дейді кәсіпорын басшылары. Өйткені, шетелдік зауыттармен байланыс орнатып, экспорт әлеуеті артты. Бұл біріншіден, нарықтың кеңеюі, екіншіден, елдегі жаңа  жұмыс орындарының ашылуына оң әсер етіп отыр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу