Кеңсе сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша жұмыс атқарады. Орталық – ашықтық пен ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін жер болады. Яғни, мемлекет пен халық арасындағы жемқорлықты жоюға септігін тигізбек. Мұнда тұрғындар үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасалған. «Адалдық алаңы» - сыбайлас жемқорлықты жоюға арналған қолайлы аумақ – болмақ.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы:
Офиске ешқандай кедергісіз кіруге болады. Бұл жерде күзет жоқ немесе турникет жоқ. Кез-келген адам өзі осы жерге келіп азамат өзінің ұсынысын айтуға болады. Минстірлікке қатысты пікірлерін, шағымдарын осы жерге келіп қозғауға болады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ