Кене шаққан азаматтардың үшеуі де бақташылықпен, егін егумен айналысқан. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар ауруханаға келгенде ауыр жағдайда болған. Дене қызуы көтерілген. Қазір талдама алынып, салдары анықталып жатыр. Дер кезінде көрсетілген ем-домның нәтижесінде науқастардың жағдайы тұрақталды.
Әлия Әбдіқайымова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Тек қана қан клиникалық зертханалық сынама нәтижелеріне байланысты және кене шағу фактісі орын алғандықтан конго-қырым геморагиялық қызбасының болжамды жағдайы деген, күдікті жағдайы деген диагноз қойылып, бүгінгі күні бақылауға, медициналық ем тағайындалып жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ