Прагада 250 мың адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прагада 250 мың адам шеруге шықты

24.06.2019

Чех Республикасының астанасы Прагада үкімет басшысына қарсы соңғы 30 жылдағы ең ауқымды шеру өтіп, оған 250 мың адам шықты. Демонстранттар премьер-министр Андрей Бабиштен отставкаға кетуді талап етті. Митинг бірнеше сағатқа созылып, ешқандай оқыс оқиғасыз аяқталған.

 

Тұрғындардың айтуынша, Бабиш алаяқтық жолмен Еуропа одағының субсидияларын өзінің бұрынғы компанияларына жұмсаған. Алайда, министрлер кабинетінің жетекшісі тағылған кінәні жоққа шығарып, қызметтен кетпей отыр.

 

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл акция кезінде ондаған адамға күн өтіп, оларға көмек қажет болды. Осыған ұқсас үлкен шеру 1989 жылы, сол кездегі Чехославакияда «Барқыт революция» деген атпен өтіп, оның нәтижесінде елде саяси жүйе түбегейлі өзгергені белгілі.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу