Арыс қаласына Мәулен Әшімбаев сапарламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласына Мәулен Әшімбаев сапарламақ

26.06.2019

Бүгін Арыс қаласындағы жарылыстар болған апат орнына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың да сапары күтілуде. Саяси ұйым жетекшісі сапар барысында апаттан зардап шеккен азаматтармен жолғып, төтенше жағдайға байланысты құрылыған штаб жұмысымен таныспақ.

 

Партия төрағасының бірінші орынбасары алдымен Арысқа іргелес жатқан Төреарық ауылындағы қоныстандыру орталығындағы тұрғындармен кездеспек. Елді мекендегі орта мектеп ғимаратына апат болған күні 400-дей адам жайғастырылған болатын. Қазір олардың жартысынан көбі ағайын туыстарының үйін қоныс аударған. Орталықта қалған азаматтардың барлығы үш мезгіл ыстық тамақ, жатын орынмен қамтамасыз етіліп отыр. Мәулен Әшімбаев сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штаб жұмысымен де танысып шықпақ. Қазір мұнда қорғаныс министрілігі, ішкі істер департаменті, төтенше жағдай қызметі секілді құрылымдардың өкілдері шоғырланған. Атқарылатын шаралардың барлығы осы жерден үйлестіріліп басқарылады. Арнайы штабтың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмысы туралы төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрғали Жүнісовтің сұрап білсек.

 

Нұрғали Жүнісов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, штаб мүшесі:

 

Партия төрағасының бірінші орынбасары мұнан соң гумманитарлық көмек бойынша аймақтардан келіп жатқан көмектерді көріп шықпақ. Бұл заттардың барлығы негізінен Шымкент қаласындағы логистикалық орталыққа топтастырылуда. Сапар соңында саяси ұйым жетекшісі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханасына орналасқан балалармен жұмыс істеп жатқан психологтармен кездесіп, әңгімелеспек. Балалармен жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыстар жайына қанықпақ. Партия төрағасы бірінші орынбасарының сапары жайлы алдағы жаңалықтарымызда толықтырып айтатын боламыз.

 

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу