Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Арыс тұрғындарына көңіл айтып, Мәжіліс бір күндік жалақысын аударатынын жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Арыс тұрғындарына көңіл айтып, Мәжіліс бір күндік жалақысын аударатынын жеткізді

26.06.2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өтті. Палатаның жалпы отырысын ашқан Мәжіліс спикері барлық депутаттық корпустың атынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды. Кешеден бастап бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына барған. «Баршамыздың ниетіміз осы Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, халық жағдайының тезірек жақсаруы»,- деді Нұрлан Нығматулин.

Индира БЕГАЙДАР

 

 

Хабарламаларға жазылу