Ордабасы ауданындағы мектептерге «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ордабасы ауданындағы мектептерге «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев барды

26.06.2019

 

«Nur Otan» партиясы Арыс тұрғындарына қажетті барлық көмек шараларын қолға алады. Біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан бұл сыннан да мойымай, еңсемізді тік ұстап шығатынымызға кәміл сенемін». Бүгін Арыс қаласындағы апат аймағына барған «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жұртшылықпен кездесуінде осылай деді. Саяси ұйым жетекшісі сапар барысында апаттан зардап шеккен азаматтармен жолығып, төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб жұмысымен танысты.

 

Арысқа іргелес жатқан Төреарық ауылындағы қоныстандыру орталығындағы  қазір үй -күйсіз қалған 90-дай адам жатыр. Барлығы үш мезгіл ыстық тамақ, жатын орынмен қамтамасыз етілген. Мұнан бөлек психологтар, арнайы мамандар балалармен жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер де дер кезінде көмек көрсетуде. Партия төрағасының бірінші орынбасары апаттан зардап шеккен азаматтармен тілдесіп, орталықтағы жағдайға қанықты.

 

Болатбек Молдабеков, Арыс қаласының тұрғыны:

 

Қасымда екі балам бар, жұбайым бар. Жағдайымыз өте жақсы. Барлық дәрі дәрмек, киім-кешек, тіс жуатын барлық  нәрсемен қамтамасыз етті. Енді құдай қаласа,  отанымызға оралып, үйімізге барсақ деген ойымыз бар.

 

Мәулен Әшімбаев мұнан соң төтенше жағдайға байланысты  құрылған жедел штабтың отырысына да қатысты. Журналистермен өткізген брифингте облыс әкімі Арыс қаласының жарылғыш заттардан әлі де тазартылып жатқанын, сондықтан тұрғындардың отанына оралуынынң қауіпті екенін айтты.

 

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

 

Біздің партиямыз барлық өңірлерде гуманитарлық көмектерді жинайтын орталықтарды ашты. Соған күніне мыңдаған көмек беруге дайын азаматтар хабарласып жатыр. Бүгінгі күнде 9 облыстан гуманитарлық көмек келіп түсті. Ол енді керекті заттар, азық-түлік, киім-кешек. Бұл енді халықтың тарапынан Арыс тұрғындарына көрсетілген көмек деп қабылдаумыз керек. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады.

 

Партия төрағасының бірінші орынбасары гумманитарлық көмектер жинастырылып жатқан Шымкент қаласындағы логистикалық орталықта да болды. Партия тарапынан ұйымдастырылған көмектің жалпы көлемі бүгінгі күні 341 тоннаға жетіп отыр. Бұл жерге ең алғашқы болып Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облыстарынан киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері келіп жетті. Еліміздің батысы мен солтүстігінен де жүк кереуендері жолға шыққан.

 

Ерқанат Мәнжуов, «Nur Otan» партиясы жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

 

Кеше 40 тонна, бүгін 35 тонна, жалпы 75 тонна жеткізіп отырмыз. 23 миллионнан артық заттарды әкеліп жатырмыз. Негізінен балалар киімдері, азық түлік, құрылыс материалдары. Әлі мұнан бөлек жергілікті билік, «Атамекен» палатасы жинап жатыр. Оны бөлек жеткізеді.

 

Ержан Байтілес, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

 

Осы жерде біздің елдігіміз, халықтығымыз, ұлттығымыз сыналатын шақта тұрмыз. Сондықтан осы Арыстағы жағдайға тұтас Қазақстан атсалысуы керек. Біз Арыспен біргеміз!

 

Гуманитарлық көмектен бөлек партия Арыстағы жағдайға қаржылай да қолдау көрсетуде. Саяси  ұйымның орталық аппараттан бастап 17 аймақтық, 230 аумақтық филиалдың қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын зардап шеккендерге көмек ретінде аударды.

 

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу