Мәселен «Қарағанды су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 30 адамнан тұратын шағын ұжымы да бір күндік жалақыларын аударған. Жалпы бұл мекеменің өкілдері облыстың барлық аудандарында бар. Олар қазір өз ауылдарындағы ағайын-туысын, дос-жарандарын да осы сауапты іске тартып, көмек жинауға кірісіп кеткен. Қолда бар азық-түлік пен киім-кешекті «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған бекетке тапсыруда.
Мира Махатчина, «Қарағанды су қоймалары» КММ басшысы:
Апат дегеніміз ұлт таңдамайды ғой, жас таңдамайды және қазақ қай кезде өзінің баласын далада шырылдатып қалдырған, қай кезде қиындыққа қалдырған. Сондықтан басты мақсатымыз осы кезде бір жеңнен қол шығарып, бір иықтан бас шығарып, бәріміз бірігіп, елдің еңсесін көтермесек, онда адамгершілігіміз қайсы?
Маңғыстаулықтар Арысқа 5 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Оған қоса, есеп шотқа 40 млн теңге аударды. КСМ: Төтенше жағдайға байланысты «Нұр Отан» партиясының облыстық және аудандық филиалдарында сондай-ақ, жастар ресурстық орталықтарында арнайы көмек жинау пункттері ашылған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ, Бекзат СӘБИТҰЛЫ