Мәдениет және спорт министрлігі де Арысқа көмек ретінде көлігін аттандырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігі де Арысқа көмек ретінде көлігін аттандырды

28.06.2019

«Арыс. Біз біргеміз» атты жүк тиелген Камаз Шымкентке шамамен түстен кейін жетеді. КСМ. Жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу үшін министрліктің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударған. Одан бөлек 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, басқа да азық түлік, төсек жабдықтары, дәрі-дәрмектері бар. Халық алдында жүрген танымал жандар оның барлығын жинастырып, көлікке тиеп берді. Жәрдем шарасынан шоу бизнесте жүргендер де қалыс қалып жатқан жоқ. Олар 16 млн теңге қаражат жинапты. Оған қоса қазір арыстықтар тұрып жатқан жерлерге әншілер барып, олардың көңілін аулап жүр. Ән айту үшін емес, халықты рухани қолдауға барған. Мұндай шаралар әлі де жалғасады.

Айдар Қырықбайұлы; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы:

Ұлттық патриоттық киноларды тұрғындар орналасқан жерде арнайы экран орналастырып, күнде-күнде сол жерде мультфильмді көрсетуді бастиады.03.16.20 Мультфильмде көрсетілуде жағдаы енді стресовый, сондықтанда біздің өнер адамдары, өнер қызмеикерлері бір акыздан ауыз біршілік танытып, бірден қолдады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу