Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

28.06.2019

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымды қызметті Бақытжан Сағынтаев атқарып келген. 64 жастағы Қырымбек Көшербаевтың көшелі істері ел аузында. Ол Премиьер-министрдің орынбасары, Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, білім және ғылым министрі қызметтерін абыроймен атқарды. Ресейде елші болды. Ақжайық өңірін үш жылда жаңаша түлетті. Газ құбырлары тартылып, су мен жолдың, логистиканың мәселесі оң шешілді. Ал Маңғыстау облысын басқарған кезде өңір көш басына шықты. Ал Сыр еліне Қырымбек Көшербаев 6 жылдан астам әкім болды. Арал тағдырына қатысты бірқатар мәселені шешті. Қызылорда халықаралық әуежай жаңарды, республикалық маңызды жолдар салынып, дарияның сол жағалауында жаңа қала бөй көтерді.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу