Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министр Асқар Мамин Алматы қаласының активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырды. Осыған дейін Президент әкімшілігігін басқарған Бақытжан Сағынтаев Алматының әкімі болып тағайындалды. Ал 4 жылға жуық мегаполисті басқарған Бауыржан Байбектің еңбегін Асқар Мамин ерекше атап өтіп, алғыс білдірді. Бақытжан Сағынтаев биліктің барлық сатысында ысылған басшы. Біраз уақыт шағын және орта бизнестің түлеуіне үлес қосып, басқарманың, кейін агенттіктің тізгінін ұстады. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Павлодар өңірінің әкімі қызметінде болды. Өңірлік даму министрі қызметін абыроймен атқарды. Елбасы Бақытжан Сағынтаевқа Министрлер кабинетін де сеніп тапсырды. Сондай-ақ Үкіметтің жаһандық дамудағы қиын-қыстау жағдайда экономикалық өсімге қол жеткізгенін де атап өту керек. Бұдан бөлек «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сынды мазмұнды бағдарламаларда оның премьер- министр кезінде іске аса бастады.
Нысаналы ЫҒЫЛ