Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі

02.07.2019

Бұл туралы үкіметтік комиссияның отырысында айтылды . 44 781 адамға бір реттік өтемақы төленеді. Сондай-ақ 4 мың бала сауықтыру лагерлеріне жіберіледі. 66 әлеуметтік нысан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» есебінен жөнделеді. 300-ден астам шағын-орта бизнес нысандарын қалпына келтіруге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы көмектеді. Қала кәсіпкерлеріне 1 шілдеден бастап 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер беріледі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін салықтан босатылуы мүмкін. Инженерлік инфрақұрылымдар, электр мен байланыс желілері мемлекет есебінен жқнделеді. Сондай-ақ, аурухана мен екі емхана салынады. Ол үшін мемлекеттік материалдық қордан құрылысқа қажетті заттар бөлінген.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Қорғаныс министрлігінің қоймаларындағы арсенал екі апта ішінде көшірілу жұмыстары басталады. Барлық үйлер 1 айдың ішінде жөнделеді. Қираған үйлер қайтадан салынады. Бұл үйлер бұрынғыдан да жақсы болады. Арыс қаласы бір жүйемен жөнделеді.

Айта кетейік, Арыстағы жарылыстардан 21-нысан жермен- жексен болған. Бүгінгі есеп бойынша, 104 көпқабатты үй, 7 200-ге жуық жер үй, 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, мен бірнеше мемлекеттік орган ғимараттарына зақым келген. Көбінің есік-терезесі сынып, шатыры ұшқан. Ал қай үйге қандай шығын келгенін арнайы мамандар анықтауда.

Хабарламаларға жазылу