Арысқа қолғабыс етуге Түркістан облысы бойынша «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арысқа қолғабыс етуге Түркістан облысы бойынша «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері келді

02.07.2019

15 ұл мен қыз жуырда ғана Қарағандыдағы «Спасск» оқу орталығында өткен «Айбын» жиынынан оралған болатын. Алайда жас әскерилер аянып қалмайтындарын айтып, қазір гуманитарлық көмекті түсірумен қатар сұрыптап жатыр. Олардың осы адам сүйсінер ісі өзге де еріктілердің ісіне серпін берді. Қатарын басқа облыстардағы жас сарбаздықтар да толтыруда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-демекші жұмыс қыза түскен.

Түзелбай Бөгенбай, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының

Біз Арыстағы жағдайға бей-жай қарамай осында көмектесуге келдік.

Хабарламаларға жазылу