Түркістан облысы Төле би ауданында келер жылы ауыз су проблемасы толығымен шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы Төле би ауданында келер жылы ауыз су проблемасы толығымен шешіледі

02.07.2019

Бүгінгі таңда аймақтағы 55 ауылдың 48-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Олардың қатары биыл тағы 5 ауылмен толығады. Яғни 10 мыңнан астам тұрғын таза ауыз судың игілігін көргелі отыр. Қазір «Алатау», «Сарқырама», «Қайнар», «Шатыртөбе» және «Қамшақ» ауылдарында су жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Ол үшін қазынадан 1 миллиард 150 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Бес мыңға тарта шаңырағы бар «Қамшақ» ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылысы бүгінде толық аяқталды. Енді Төле би ауданы бойынша орталықтандырылған жүйеге қосылмаған екі ауыл ғана қалып тұр. Олар: Ақайдар мен Жаңа күш елді мекендері. «Ақайдарға» су жүргізу үшін құжаттамалар әзірленіп, 296 милиион теңге бөлініп қойды. Жұмыс енді бірер күнде басталады.

Нұрлан Оспанов, Төле би ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

Қалып отырған бір ауыл-Жаңа күш елді мекені. Бүгінгі күнге жобалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жолданды. Сараптамадан оң қорытынды алынған жағдайда облысқа қаржыландыруға ұсынамыз.

Хабарламаларға жазылу