Бейнеу ауданында шаруалар алғаш рет алқапқа дән екті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнеу ауданында шаруалар алғаш рет алқапқа дән екті

02.07.2019

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында  шаруалар  алғаш рет  алқапқа дән салды.   Бұған дейін аудан аумағында бірде-бір адам ашық алаңда көкөніс егіп көрмеген. Сондықтан жергілікті тұрғындар өзге өңірлер мен шет елден  тасымалданған  өнімді тұтынып отыр. Ал биылдан бастап 3 бірдей кәсіпкер 25 гектар аумаққа көкөніс екті.

Жас кәсіпкер Хамит Тарғын алғашқы болып көкөніс еккендердің бірі. Шаруашылығы Бейнеу ауылынан 30 шақырымда орналасқан. Ол 10 гектар аумаққа қауын-қарбыз, қызанақ, қияр, орамжапырақ, бұрыштың бірнеше түрін екті. Бұған дейін мал бағып қана күнелткен Хамит үшін бұл — жаңа бағыт.

Хамит Тарғын, шаруа қожалығының иесі:

Бұл кәсіпті бастаудағы мақсатымызөзімізде өскен өніммен өз ауданымызды, халқымызды қамтамасыз ету. Және басқа өңірлерден келетін жеміс-жидектерге әртүрлі кәсіпкерлерге бәсекелестікті қалыптастыру. Бұған дейін Бейнеудің қарбызы, қауыны дегенді естімеппін осы мақсатта өз өнімімізді өз халқымызға қол жетімді бағамен ұсынғымыз келеді.  

Шаруаның еңбегі ақталатын сыңайлы. Көкөніс жайқалып өсіп келеді. Осы айда алғашқы өнімді  жинайды. Алайда қиындық та жоқ емес. «Шаруашылықта су тапшы. Бір айға есептелген 40 текше метр су егінді суаруға жетпейді. Шамамен, 500 текше метр су қажет»,- дейді кәсіпкер

Хамит Тарғын, шаруа қожалығының иесі:

Қазір шаруагер мемлекеттен жеңілдік алу үшін құжат жинап жатыр.

Нұрлан Мешітбаев, Бейнеу аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы:

Субсидиялар беріледі. Мысалы, Назар егін шаруашылығы тыңайтқышқа жеңілдік ала алады. Біз аудан көлемінде жаңа кәсіптің аяқтан тұруына жан-жақты қолдау көрсетеміз.

Ақжігіт және Төлеп ауылдарында да дәл осылай бірнеше гектар жерге көкөніс  салғандар бар. 3 қожалықтан биыл 120 тонна өнім алу жоспарланып отыр.  Бейнеулік шаруалардың өнімі сырттан келетін көкөністен әлдеқайда арзан бағамен сатылмақ. Келесі жылы ауданда тағы 2 кәсіпкер егін егуге қамданып жатыр.  

 

Аягөз ОРАЛБАЙ

Хабарламаларға жазылу