Қарағанды облысы Арысқа гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы Арысқа гуманитарлық көмек жіберді

03.07.2019

Қарағанды облысы Арыстағы 83 тұрғын үйді қалпына келтіреді7 Оның 11-і көпқабатты үйлер. Барлығы 600-ге жуық отбасының баспанасын 1 ай ішінде жөндеп беру жоспарланып отыр. Құрылыс бригадалары жұмысқа кірісіп кетті. Бұған қоса Қарағанды облысынан Арысқа гуманитарлық көмек іркіліссіз жіберіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге 28,5 тонна азық-түлік, жеке гигиена заттары мен дәрілік заттар, оның ішінде күйікке арналған жақпа майлар жіберілді. Кәсіпкерлер мен тұрғындар қаржылай да көмек беруде. Сондай-ақ, өңірге қарасты қалалар мен аудандардың әкімшіліктері мен ведомство, басқарма қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Бұл қаржының көлемі 340 миллион теңгені құрап отыр.

 

Ермағамбет Бөлекбаев, облыс әкімінің орынбасары:

 

Арнайы штаб құрылып, қазір жұмыс істеуде. Оған қажетті коммуникацияның барлығы бар. Бригадаларға жұмыс аумақтары бөлініп берілді. 519 пәтер, 72 жеке үйді жөндеп беруіміз керек. Есік-терезелері ғана зақымданған үйлер бар. Оларды тездетіп қалыпқа келтіреміз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу