Арыстағы 435 үйде жөндеу жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы 435 үйде жөндеу жұмыстары басталды

03.07.2019

Жалпы қаладағы және іргелес аудандардағы тұрғын үй саны- 8867. Жарылыс кезінде соның 6127-іне зақым келген. Тас-талқаны шыққан 27 үй қайта тұрғызылады. Бүгінде қала 17 секторға бөлінген. Бұл секторларда республиканың 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келген. 1194 құрылысшы іске кірісіп те кетті. Қазір әрбір штабта 2 бағыт бойынша жұмыс істеліп жатыр. Біріншіден, зақым келген үйлерді бағалау, есептеу жүргізілуде. Соған сай жөнделетін болады. Екіншіден, тұрғындар арасынан әрбір 10 үйге 1 белсенді жетекші сайланып, елмен тығыз байланыс орнатылуда.

Хабарламаларға жазылу