Арыстағы төтенше жағдайға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында 100 адам тергеуге алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы төтенше жағдайға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында 100 адам тергеуге алынды

03.07.2019

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас әскери прокуратура өкілдері мәлімдеді. Қазір 44859 әскери бөлімшесінде оқ-дәрі жарылуына байланысты Қылмыстық Кодекстің 462-ші бабының 3-тармағы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Жедел тергеу тобының құрамында Ішкі істер министрлігінің, әскери және аймақтық прокуратура қызметкерлері бар. Тергеу амалдары бірнеше кезеңмен жүргізіліп жатыр. Алғашқысында төтенше жағдайдың себебін анықтауға және адамдардың өліміне қатысты тергеуге басымдық беріліп отыр. Прокурорлардың алдын-ала болжамынша, Арыстағы апатқа өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, не лауазымды тұлғалардың салғырттығы себеп болуы мүмкін. Ал төтенше жағдайға кінәлілердің кім екенін айту әзірге ерте, - дейді прокурорлар.

Еркін Қожа Ахмет, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі:

Оқ-дәрілер сақталатын қоймалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджеттік қаражатты пайдаланудың ұтымдылығы, жарылғыш заттардың дұрыс сақталуы тексерілуде. Қоймаларда анықталған бұзушылықтардың уақытылы жойылғаны, ал жойылмаған болса, әскери қызметишілердің әрекетсіздігі жайлы сұрағы қаралады. Тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі.

Хабарламаларға жазылу