Арысқа көмек беру туралы баспасөз жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арысқа көмек беру туралы баспасөз жиыны өтті

03.07.2019

Маңғыстаулық құрылысшылар Арыс қаласының 8 көшесін қалпына келтіреді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 5 көшедегі 12 үйді жөндеу және 1 тұрғын үйді қайта салу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарына Арыс қаласының жұмыссыз тұрғындары тартылуда. Бұған қоса, арыстық 150 бала Каспий жағалауындағы лагерлерьде тегін демалады. Ал «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, «Жастар» ресурстық орталықтарында ашылған гуманитарлық көмек жинау пункттерінде тағы 8 тонна киім-кешек пен 6 тонна азық-түлік жиналды. Маңғыстаулықтардың алғашқы көмегі 27-маусымда пойызбен жөнелтілген болатын.    

Серікбай Трұмов, Маңғыстау облысының әкімі:

Бізге бөлінген 8 көше бар. 331 үй біз оны қайтадан қалпына келтіруіміз керек, қазір бұл жұмыстар басталып кетті. Құрылысшылардың көмегімен. Оның ішінде кейбір үйлер бар жаңадан бұзып қайтадан қалпына келтіру керек. Бұл енді жұмыстарды Президент тапсырмасына сәйкес 1-тамызға дейін аяқтауымыз керек.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу