Олардың демалыс орнына бару мен қайту жолы, тамақ және жатар орын шығындарын аймақтағы қала мен аудандар көтереді. Сонымен қатар, Арыстағы 277 отбасының осы өңірге қоныс аудару мүмкіндігіні бар. Шығыс Қазақстанға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде көшіп баратындар жалдамалы баспанамен, жұмыспен, балабақшадағы орынмен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімі арнайы өткізген брифингте айтты. Осы күнге дейін Шығыстағы ірі кәсіпорындар мен тұрғындар Арысты қалпына келтіру жұмыстарына деп 166 миллион теңге жинаған. Бұдан бөлек жақын күндері Арысқа 200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберіледі. Шығыс қазақстандықтар Арыстағы құрылыс жұмыстарына да белсенді қатыспақ. Арнайы штаб өкілдері Арысқа барып, қандай жұмыстар атқару қажеттігін көріп қайтты.
Даниал Ахметов облыс әкімі:
Шығыс Қакзақстанға 541 нысан бөлініп отыр, барлығын көрдім. 6 үй тұруға жарамсыз, бір ай ішінде олардың орнына жаңа үй салып береміз. 12 үйді қайта қалпына келтіру қажет, олар да 1 ай ішінде жөнделеді. Облыстан 25 құрылыс компаниясы жұмыс істеуге әзір.
Берік КӨШЕРБАЙ