Бұған жалпы заң тұрғысынан да және жұмысын енді бастаған шариғатқа негізделген кеңес жағынан да қолдау бар. Астана халықаралық қаржы орталығы осы міндеттерді орындап қана қоймай, институттың қызметі мен әлеуетін қоғам арасында дамытуға ат салысуда. Бүгінде Малайзия, Индонезия, Бахрейн сияқты мұсылман мемлекеттерімен қатар Ұлыбритания біріккен корольдігінде исламдық қаржыландыру сол елдің экономикасын көтеруге екпін беріп жатыр,-дейді сарапшылар.
Дауд Викари Абдуллах, Исламдық қаржыландыру бойынша АХҚО Халықаралық Сарапшылар Кеңесінің төрағасы:
Бизнес пен ақша аударымдары, я болмаса сауда-саттық мәселесінде кез-келген тұтынушыға ортқа талап бар. Бұл ислам принциптеріне негізделген келісімдер. Осы ретте Қазақстанда аталған ұстанымды қанағаттандыратын кеңес ашылып, реттеу базасы жасақталған.
Нысаналы ЫҒЫЛ