Қостанайлық шаруалар элиталық тұқымды Ресейден тасуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық шаруалар элиталық тұқымды Ресейден тасуға мәжбүр

04.07.2019

Аграралық саладағы ғылыми бағдаралмаларды қаржыландыру қысқарғандықтан, қостанайлық шаруалар элиталық тұқымды Ресейден тасуға мәжбүр. Бұл туралы облыста дәстүрлі түрде өтетін «Алқап күнінде» айтылды. Басқосу барысында сала мамандары мен диқандар қауымы егін шаруашылығындағы түйткілдерді талқылап, пікір алмасты. Биыл облыс бойынша 4 млн гектарға жуық алқапқа дәнді дақылдар егілді. Оның 3 млн 400 мың гектары бидай. Қостанай өңірі егіншілік үшін тәуекелі көп аумаққа жатады. Сондықтан тыңайтқыш сеуіп - топырақты баптап, зиянкестерге қарсы гербицидтерді пайдаланғанда ғана мол өнім алуға мүмкіндік бар. Осыған қажетті мемлекеттен бөлінетін субсидияның уақтылы төленбеуі де шаруаларды титықтатып отыр.

 

Ыбыраш Естаев, шаруа:

 

Береміз деген субсидияларын уақытында бермейді. Енді ол Үкіметтің қаржысына да байланысты шығар. Тыңайтқыш, гербицидтың ақшасын әлі берген жоқ. Өзі удай қымбат. Қымбат болса да біз өз ақшамызға алдық.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу