Олар 24 сағат бойы қазақ үйде жиналып күй шертіп, терме орындап, домбырамен ән айтты. Домбыра дала дауысы атты кешке 100-ге жуық кәсіби және әуесқой домбырашылар, дәстүрлі әншілер, жыраулар қатысты. Жетісулықтардың рекордын Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері белгілеп, арнайы сертификат табыстады. Әнші-күйшілер бір тәулік бойы 500-ден астам туынды орындап таң атырды. Шараға қатысқан өнер иелері алғыс хаттармен марапатталды. Айта кету керек мұндай шара Жетісу төрінде екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Рустам Алпысбаев, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
Біздің мақсатымыз домбыра кең далада 24 сағат әуені шығып тұру керек. Себебі кез-келген біздің жас домбыраның үнін естіген кезде кең далалны елестетеді. Тарихын елестеді. Болашағын көреді деген ойдамыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ