Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы аз уақыттың ішінде нақты нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы аз уақыттың ішінде нақты нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді

04.07.2019

Биржа 1 жылдың ішінде халықаралық инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастырды. Сонымен қатар, брокерлердің экожүйесі мен есеп-қисап жүргізудің үздік технологиясын енгізді. Ең бастысы алғаш рет құнды қағаздарды орналастыруды сәтті іске асырды.

 

Күні кеше ғана Astana finance day конференциясы өткені мәлім. Халықаралық сарапшылар оның қорытындыларын өте жоғары бағалады. Аталған шарада Астана халықаралық қаржы орталығының биржасының мүмкіндіктері мен бүгінгі атқарып жатқан шаруалары назарға ілікті. Бүгінде биржа өзінің брокерлік желісін кеңейтіп жатыр. Биржаның сауда серіктестерінің қатарына «Ренесанс капитал» және «Қазпошта» компаниялары брокер ретінде қосылды. Мәселен, Қазпошта бұған дейін халықтың IPО-ға қатысқаны мәлім. Демек, енді атамлыш компанияның брокерлік желісі ел азаматтарының биржаға барынша қатысып, акцияларға салым жасауына мүмкіндік мол. Айта кетерлігі, инвесторлар акцияларын үйден шықпай-ақ саудалауы үшін арнайы қосымша іске қосылды.

 

Ренат Бектұров AIX биржасының қаржы директоры:

 

«AIX connect» коннект деген өзіміздің қосымшамызды шығардық оны «эпл стор» және «google play» орнатуға болады. Бұл бірінші қадамымыз біз оны әлі жақсартамыз. Сонымен қатар, Қазпоштаның қосылуы жеке бөлшек инвесторлар әсіресе мынау қазақстандық азаматтардың қосылуына үлкен қадам болады. Сонымен қатар, біз жаңа инвестициялық құралдарды өзіміздің нарыққа әлі де болса алып келеміз.

 

«Ренесанс капитал» компаниясы дамушы нарықтарға аса қызығушылықпен қарайтын халықаралық инвесторлар үшін мол мүмкіндік туғызады және олардың біздің биржаға қарай беталуына септігін тигізеді. Нәтижесінде құнды қағаздарға деген сұраныс артып, елдегі экономика өсімі еселенеді.

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу