«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Арыс қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Арыс қаласына барды

05.07.2019

Сапар барысында ол апат зардаптарын жою жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ саяси ұйым жетекшісі Шымкент қалалық филиалы ғимараты алдында митинг өткізді. Партия жалауын салтанатты түрде тұғырына көтеру рәсіміне қатысты.

Арыстағы «Алтын тұмар» балабақшасы. Осыған дейін мұнда 100-дан астам бала тәрбие алып келді. Бауыржан Бәйбек жарылыс кезінде балаларды қауіпсіз жерге жедел алып шыққан тәрбиешілермен, ата-аналармен кездесті. Ұрпақ амандығы үшін басын қатерге тіккен бұл азаматтарға алығысын білдірді.

Партия жетекшісі сондай-ақ Алматы қаласына бекітіліп берілген сектордағы үйлердің біріне арнайы барып, тұрғындардың жайына қанықты. «Арысқа көмек» акциясы аясында бүгін мегаполистен 60 тоннадан цемент, арамтура, секілді құрылыс заттарын жеткізді. Гуманитарлық көмекті күтіп алған Бауыржан Бәйбек апаттың салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысып жүрген жасотандық еріктілермен де кездесті. Партия енді әр апта сайын Арысты қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәліметтерді жинақтап, оның нәтижесін ашық түрде халыққа жариялап отырмақ.

Бауыржан Бәйбек «NUR Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

27 маусымдағы рұқсат етілмеген митинг қатысушыларының бірі партияның жалауын жыртуға тырысқаны әлеуметтік желі арқылы көпке тарағаны белгілі. Бұл оқиға қоғамдық пікірге ықпал еткенін ескере отырып, бүгін партия басшылығының қатысуымен туды салтанатты жағдайда қайта көтерілді.

Шара барысында Арыс қаласының тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен партия белсенділері де елді бірлікке шақырып, көпшілікке сөз арнады.

Мархабат Байғұт, жазушы, алаш сыйлығының иегері:

Ата бабаларымыз бірлік пен ынтымақты аманат еткен. Қазақстан, қазақстандықтардың мәңгілік стратегиясы бірлік пен ынтымақ ата баба аманаты. Аманатқа қиянат жүрмейді. Оған қиянат жасаған адам оңбайды. Соны терең түсінейік.

Салтанатты шарадан соң Төрағаның Бірінші орынбасары «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Халыққа көмек» ұлттық жобасы аясында құрылған бірыңғай әлеуметтік терезесінің және құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс барысымен танысты, партия активімен кездесті.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу