Елордада Қала күні қарсаңында 5 мың адамға арналған жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қала күні қарсаңында 5 мың адамға арналған жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталды

05.07.2019

Бірегей кешенді салуға 19 млрдтан астам қаражат жұмсалған. Көп бейінді спорт аренасының ресми ашылуында, яғни 6-шы шілде жауынгерлік өнер гала-фестивалінің соңғы кезеңі өтеді. Ғимарат халықаралық спорт федерациясының стандарттары мен талаптарына сай. Онда бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика сияқты үйірмелерден бөлек, кешенде 25 метрлік жүзу бассейні, фитнес-орталық және кіші футбол алаңы да бар. Қонақ үйге дейін ескерілген. Бұл бұқаралық спортты дамытуға және өрендерді жауынгерлік өнерге баулуға таптырмас нысан болғалы тұр мамандар.

Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет Және Спорт Министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының орынбасары:

Жекпе-жек ассоциациясымен бірлесіп қаламен бірлесіп, осында балалар жасөспірімдер спорт мектебін орналастырамыз деп. Неге десеңіз? Себебі біздің заң бойынша қазіргі уақытта спорт тегін. Ол мәселелер оқу жылының қыркүйек айынан бастап барлық кестелерін бекітіп жасау керекпіз.

Нсыналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу