Қала халқы, сондай-ақ іргелес ауыл тұрғындары таңмен таласа тұрып, орталық алаңға ағылды. Жәрмеңкеге облыстың барлық аудандарынан және Кентау, Түркістан қалаларынан 50- ге жуық тауар өндірушілер- 180 тонна өнім әкелген. Атап айсақ, 22 жарым тонна ет, 54 жарым тонна көкөніс, 41 тонна қауын-қарбыз, 17 тонна жеміс-жидек, 2 тонна бал өнімдері, 5 тонна Шардараның балығы, 24 тонна сүт өнімдері арыстықтарға арзан бағамен сатылды. Базар нарқынан 40-30 пайыз төмен болған соң, әсіресе етке таласып, ұзын сонар кезекке тұрды.
Алмагүл Есенқұлова, Ақдала ауылының тұрғыны:
Бүгін біраз қажен затымызды алып алдық. Бағаларына ырзамын. Балгаргскі 80 т, баклажан 40 т, 150тенге помидор, бізге ең қажетті ет тағамы 950 тенге боп жатыр. Рақмет айтам. Арзан негізі.
Тұрғанбек Оспанов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл да елге деген, арыс тұрғындарына дегеен мейірім шапағаты деп білеміз. Біз Арыс тұрғындарымен біргеміз.