Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді. Сондай-ақ, осы жиында белгілі болғандай карантиндік, фитосанитариялық іс-шараларды жедел жүргізу нәтижесінде еліміздегі аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік нысандар алаңы 2 есеге азайған. Мәселен, карантиндік өңдеу алқабы 2015 жылы 7,3 млн гектар болса, биыл - 3,9 млн гектарға дейін қысқарған.
Ғабит БӨКЕБАЙ