Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Елордадағы өрт сөндіретін жаңа техникамен танысып, өрт сөндірушілер және құтқарушылармен пікір алмасты. Нысандардың зілзалаға тұрақтылығын күшейту, өрт сөндіру деполарының құрылысы мен жөндеу, күре жолдардағы медициналық-құтқару бекеттерін ұстау, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбекақысының төмендігі туралы өзекті мәселелерді атап өтті. Сенатор халықты төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге үйрету, өнеркәсіп қауіпсіздігі жағдайындағы талаптарды қатайту мәселелерін де қозғады. Сонымен қатар 5573 әскери бөлімінде болып,«Ұлттық ұлан» туралы заңды жүзеге асырудың тиімділігін атап өтті.
Индира БЕГАЙДАР