Түркістандық кәсіпкерлердің басты базынасы - жер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық кәсіпкерлердің басты базынасы - жер

10.07.2019

Бизнес өкілдеріне қолдау көрсететін орталықтарға айына 30-40 адам осындай арыз-шағымын айтып келеді. Бүгін «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес пен билік өкілдері дөңгелек үстел басына жиналды. Көзбе-көз отырып, әкімшілік кедергілерді талқылады. Коммерциялық нысандарға жер учаскесін жалға алу, сатып алу, мерзімін ұзарту, қайта құруға қатысты түйіткілдің түйінін шешті.

Айта кетейік, «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы осыдан 6 жыл бұрын ашылған. Мұнда кәсіпкерлерге 4 бағыт бойынша көмек көрсетіледі. Біріншіден, «Бизнестің жол картасы-2020», «Ауыл шаруашылығындағы субсидиялар», «Индустрияландыру картасы» секілді мемлекеттік бағдарламаларды егжей-тегжей түсіндіреді. Бухгалтерлік есеп, қаржыландыруға қатысты кеңес береді. Екіншіден, бизнесін рәсімдеуге қатысты рұқсат құжаттарын түгендеуге көмектеседі. Үшіншіден, бизнес жоспар әзірлеп, ілкімді жобаларды алға жетелейді. Төртінші бағыт- жеке ісін бастаймын дегендерге кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді. Бұл орталықтың ең маңызды қызметі - бизнес пен мемлекеттік органдар арасына дәнекер әрі мәмлегер болуы

Алмат Жүсіпбаев, «Tүркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы:

Кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен тікелей отырып сұқбаттасады. Сұрақтары болады. осындай жиындарда мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу