Жаңа мамандық иесі болып шығады. Қазірдің өзінде 160-тан аса адам кәсіпті жедел үйрену курстарын тәмамдап жұмысқа орналасты. Білім беру 29 мамандық бойынша облыс орталығындағы 9 оқу орталығында жүріп жатыр. Курстар тегін.
Оның үстіне әр тыңдаушыға 16719 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқу мерзімі кәсіпті игеру күрделігіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ерекше зейінділігімен көзге түскендер жеке кәсібін ашу үшін мемлекеттен 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алу мүмкіндігін пайдалана алады.
Венера Демеубаева, қалалық Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:
Мақсат - еңбек нарығындағы ең керекті мамандықтар бойынша азаматтарды оқытып және оларды жұмыспен қамту. Келген азаматтың өз мамандығы болса да, басқа мамандықты оқып, ол бойынша басқа салада жұмыс істеп, грант алса болады. Қайтарымсыз мемлекеттік грант 200 АЕК көлемінде. Ол жаңа бизнес идеясын іске асыру үшін.
Болат АМАНБАЕВ