Лауазымды полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауазымды полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрған

16.07.2019

Алтын кенішіне заңсыз түскендерге қамқорлық көрсеткен полицейлер жазаға кесілді. Ақмола облысының Бестөбе елді мекеніндегі алтын кенішін тонағандардан олар ақшалай сыйақы алып отырған. Тәртіп сақшыларының бұл әркеті ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі деп бағаланды. Себебі заңсыздыққа барғандардың үшеуі жоғары шенділер. Ең жоғары лауазымды иеленген полиция подполковнигі Тоқмырза Дүйсембаев. Ол — Степногорск қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Айыпталушылардың барлығы кінәлі деп танылды. Қылмыстық жолмен тапқан мүліктері тәркіленіп, шендерінен айырылды.

 

Ғалым Қайшыбеков, Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы:

 

Тоқмырза Дүйсембаев кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бестөбе және Ақсу кенттерінің полиция бөлімдерін басқарған Дархан Айнагелдинов пен Сабыржан Бибатыров және Степногорск қалалық Ішкі істер басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі Аслан Құлышев 10 жылға, басқарманың ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі Арғын Жекібаев 8 жылға сотталды. Тәртіп сақшылары мен шахтаға заңсыз түсушілер арасында делдал болған Бауыржан Мәдиев түрмеде 6 жыл жазасын өтейтін болады.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

 

 

 

Хабарламаларға жазылу