Ұлттық қоғамдық кеңес қандай мәселелерге басымдық бермек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қоғамдық кеңес қандай мәселелерге басымдық бермек?

17.07.2019

Кеңеске мүше болған қоғам белсенділері ең әуелі саяси өзгерістер мен өзін-өзі басқару бойынша мәселелер қаралу керек деп есептейді. Әлеуметтік проблемалар да басты назарда болуы тиіс. Елдегі ахуал қоғамның өзгергенін, барлық адамдардың, оның ішінде биліктің жаңа қадамдарға дайын болуы қажеттігін көрсетті. Сондықтан билік пен бұқара арасындағы ашықтық, тығыз қарым-қатынас қажет. Осы орайда кеңес жұмысы қазақстандық қоғамды демократиялық дамуға жетелейтін бірден-бір алаңға айналарына сенім зор дейді олар.

 

Ерлан Саиров, Ұлттық кеңес мүшесі:

 

Бүгінгі таңда азаматтардың көтеріп жатқан мәселесі – саяси реформа. Мысалы үшін, оның ішінде біздің елдегі заңнамалар. Сайлау туралы, митингтер туралы, ақпарат құралдары туралы, партиялар туралы заңдардың барлығын заманның талабына сай жасау керек. Сонымен бірге, біз өзін-өзі басқару жүйесін жасауда өте кеш қалып қалдық. Міне, осы екі мәселе.

 

Мұхтар Тайжан, Ұлттық кеңес мүшесі:

 

Балаларымызға біз өркениетті мемлекет қалдырып кетуіміз керек. Ол үшін үлкен модернизация керек. Жақсарту, жаңарту керек. Сосын нәтижесінде Қазақстан құқытық, шынайы нарықтық, демократиялық, зайырлы мемлекетке айналуы тиіс. Басты мақсатымыз –осы.

 

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу