Арыстағы жарылысқа кінәлі тұлғалардың бәрі жауапқа тартылады. Мемлекет басшысы бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке осыны тапсырды. «Төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік алдыңғы орынға шығуы тиіс»,- деді. Ақордаға арнайы шақыртылған Бас прокурор Президент тапсырмасын мүлтіксіз орындауға уәде берді. Сондай-ақ ведомствоның жалпы жұмысы жайлы есеп беріп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қатысты атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ