Forte Bank жеңімпазға Toyota Camry көлігінің кілтін табыстды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Forte Bank жеңімпазға Toyota Camry көлігінің кілтін табыстды

17.07.2019

«Forte bank» ұтысқа қойған автокөліктердің бірі Алматы облысының тұрғынына бұйырды. Күтпеген жерден олжалы болып, бағы жанған Дәурен Ахатұлы бүгін Алматы қаласына арнайы келіп, жаңа автокөлігін салоннан мініп кетті. Ал ұйымдастырушылар алдағы уақытта тағы 8 көлікті ұтысқа шығармақшы.

 

Мына жаңа автокөлікті бүгін Дәурен Ахатұлы ұтып алды. Ол осыдан екі ай бұрын «Forte bankтен» 230 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ойламаған жерден олжаға кенелді. Бастапқыда банк қызметкерлері оның ұтысқа қатысатындығын айтқанда ол бұған аса мән бермеген. Енді міне, салоннан  «Toyota Camry» маркалы автокөлігін мініп, Талдықорғанға жол тарпақшы.

 

Дәурен Әубәкіров, Талдықорған қаласының тұрғыны:

 

Алғаш естігенде сеніңкіремедім. Бірақ енді, бүгін машинаны қолыма алып отырғаннан кейін, кілт қолымда тұрғаннан кейін сеніп отырмын. Ризамын, рахмет Форте банкке!

 

Тура осындай 17 автокөлікті «Forte bank»  өкілдері тұтынушылардың арасында ойнатып жатыр. Олардың тоғызын клиенттері ұтып алды. Мәселен, алғашқы машинаны Алматының тұрғыны иеленген. Ал ойын қыркүйек айына дейін жалғасады. Әр аптада бір автокөлік ұтысқа қойылады.

 

Асылбек Құлтасов, «Forte Bank» АҚ Талдықорған қаласы бойынша филиалының директоры:

 

Ұтыс жариялағаннан бері несие аламын деушілер көбейді. Соңғы ойынға 25 мыңнан астам адам қатысты. Жалпы, тамыз айының соңына дейін несие рәсімдеген әр адам бұған қатыса алады.

 

Бұл ұтысқа тек 200 мыңнан көп ақшалай несие рәсімдеген банк клиенттері қатысады. «Сондықтан ертерек қамданған азаматтардың мүмкіндігі мол болмақ», - дейді банк өкілдері.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу