Төтенше жағдайлар қызметкерлері дала өртінің алдын алу үшін рейд жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар қызметкерлері дала өртінің алдын алу үшін рейд жүргізді

18.07.2019

Осы күнгі ыстықта дала өрті қаупі басым. Сондықтан құзырлы органдар сақ жүр. Қазір қалада төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша комиссия құрылды. Құрамында 33 маман бар. Бүгін өрт сөндірушілер саяжай тұрғындарына жадынама таратты.

Оттың тұтануына құрғақ шөпті жинап, жағу, темекі тұқылын тастай салу сияқты қарапайым жағдайлар себеп. Сондай-ақ, қоқысты бір жерге үйіп қою да қауіпті.

Шаһардың шырайын ашып, ауасын жақсарту мақсатында жасыл белдеуді көбейту тапсырылған. Қазір қаладағы көгал 14 мың гектарды алып жатыр. Әлі 100 мың гектарға жеткізу жоспарланыпты. Бұл межеден шығу үшін дала өртінің алдын алу маңызды. Осы ретте қалада 8 бейнекамера жұмыс істейді. Дегенмен өрт дерегі көптеу тіркеліп отыр. Биыл 127 оқиға болса, былтыр 114 болыпты.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу