Биыл 3 мыңнан астам отандасымыз қажылыққа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 3 мыңнан астам отандасымыз қажылыққа барады

18.07.2019

Биыл 3200 отандасымыз қажылыққа барады. Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежановтың айтуынша, жыл санап бес парыздың бірін өтеуге ниетті адамдардың саны артып келеді. 1990 жыл мен 2019 жылдар арасында біздің азаматтарымызға Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 квота бөлінген. Алғашқысында оның саны небәрі 50 болған.

Биыл қасиетті сапарға шыққан азаматтарға қолдау көрсету үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан арнайы миссия құрылды. Онда басқарманың басшылық құрамы, білікті имамдар, дәрігерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары бар. Сондай-ақ, қажылыққа баратындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 500-ге жуық мешітте арнайы семинарлар ұйымдастырылған.

Наурызбай Өтпенов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары:

Түркістан облысында қазір 800-ден астам мешіт бар. Адам да тығыз орналасқан. Сол себепті Түркістан облысынан адамдар көбірек барады. Орташа жасқа тоқталатын болсақ, көбіне 40 пен 50-дің арасында. 30 жастағылар да бар.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу