Аргентинаның үздік технологиялары қазақстандық ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинаның үздік технологиялары қазақстандық ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін болады

18.07.2019

Аргентинаның үздік технологиялары Қазақстандық ауылшаруашылық саласына енгізілетін болады. Бүгін осы елдің ауылшаруашылық технологиялары Ұлттық Иституты мен Ауыл шаруашылығы министрлігі әріптестік орнату туралы  уағдаласты. Әріптес ретінде алыстағы Аргентинаның таңдап алынуы тегін емес. Аталған институт әлемдегі ең үздік  ғылыми құрылымдардың бірі. Жаңа технологиялар арқасында бұл елде дәнді-дақылдар өнімі он жылда екі есеге артқан. Ғылыми технологияны салаға енгізу арқылы  ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 55 пайызға көбейген. Біздің министрлік  енді аргентиналық әріптестерімен тәжірибе алмасып, өнімділікті арттырмақ.

 

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

 Келісімге қол қойылды. Сол бойынша  жол кратасы жасалды. Онда біздлің бірлесіп жасайтын барлық мәліметтер көрсетіліп отыр. Батсы мақсат аграрлы ғылымды дамыту, жаңа технологияларды кіргізу. Көптеген жұмыстар болса да жүргізіліп жатыр. Бірақ біз оны ар қарай дамытуымыз керек.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу