Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстармен де танысты. Алдымен Асқар Мамин салынып жатқан тарихи-мәдени орталық алаңға барды. Сол жерде «Ұлы дала елі» орталығы мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы музейдің жұмыс барысын көрді. Сосын «Ұлы Жібек жолы» қолөнершілерінің ұлттық орталығы ғимаратын, келу орталығын, Шығыс моншасы құрылысын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы қайта жаңғырту жұмыстарын қарап шықты. Өңірдегі әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи нысандар да Үкімет басшысының назарынан тыс қалмады. Ескі Түркістан археологиялық паркінің жобасымен де жіті танысты.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ