Ірі көлемде парамен ұсталған экс-шенеунікке қатысты сот отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі көлемде парамен ұсталған экс-шенеунікке қатысты сот отырысы басталды

19.07.2019

Ақтауда ірі көлемде парамен ұсталған экс-шенеунікке қатысты сот отырысы басталды. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев осыдан 8 ай бұрын Ақтау халықаралық әуежайында тұтқындалған болатын. Тексеру барысында одан 115 мың еуро тәркіленді. Ірі көлемде пара алды деген лауазымды тұлғаның үстінен Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Бүгін Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында спорт басқармасының бұрынғы басшысы, облыс әкімінің тағы бір орынбасары, сотталушының көмекшісі мен хатшысы куәгер ретінде жауап берді. Сот отырысы ашық өтіп жатыр. Экс-шенеунік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылып жатқан «Мұз айдыны» жобасына қамқорлық жасағаны үшін құрылыс компаниясы өкілінен келісілген 400 мың еуроның 115 мыңын алды деп айыпталуда.

 

Аягөз ОРАЛБАЙ

Хабарламаларға жазылу