Астық тасымалында кешіктірілу немесе іркілу деген мәселелер мүлдем кездеспеуі тиіс. Ал үздіксіз тасымал процеске қатысушы тараптар арасында нақты келісім орнаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл туралы Қазақстан темір жолы компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов айтты. Оның жетекшілігімен биылғы егін өнімін жөнелту жұмыстарын жетілдіру бойынша кеңейтілген отырыс өтті.
Күзгі егістік қарсаңында ұлттық компания жанынан құрылған комиссия өңірлерді аралады. Биыл жиын мол болады деп болжанып отыр. 10 миллион тонна астық пен 1,8 миллион тонна ұнтақ өнімдер вагондарға тиелуі тиіс.
Қанат Әлмағамбетов, «Қазақстан темір жолы» ақ ұк басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
Біз үшін ең маңыздысы өзара қарым-қатынас. Тасымалдаушы тараптармен жемісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал Қазақстан теміржолы компаниясы, еншілес кәсіпорындарымыз, филиалдардағы құрылымдар қызметтік сервис деңгейін көтеруде. Жүк тасымалдаушылар мұны көріп, оң бағасын беріп отыр.
Ал жарты жыл ішінде 5,4 миллион тонна астық діттеген нүктесіне кедергісіз жеткізілді. Өйткені тасымалдаушы компания мен элеватор қожайындарының ұйымдасуына ұлттық компания ұйытқы. Бүгінде 140 мыңнан астам вагон астық тасымалдауда жүр. Соның басым бөлігі Қазақстан теміржолының меншігінде.
Дамир Шаяхметов, Логистикалық бөлім басшысы:
Теміржол тарапынан көп жұмыстар жасалып жатыр. Вагондарды қойып көп, бөліп. Негізі теміржолға сұрақтарымыз жоқ.
Ауғанстан мен Иранға да ұн экспортталуда. Бұған Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан арасындағы келісім сеп. Яғни олардың тарапынан тасымал барысында жеңілдіктер жасалған. Ұлттық компания тиеу мен жөнелту жұмысын алдағы уақытта да жетілдіре бермек.
Нысаналы ЫҒЫЛ