Ақмола облысында жол-көлік оқиғаларының саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жол-көлік оқиғаларының саны артқан

23.07.2019

Ақмола облысында жол-көлік оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда 34 пайызға ұлғайған. Жыл басынан бері жол апаттарында 40-тан астам адам қайтыс болған. Шамамен 370 адам түрлі дене жарақатын алыпты. Мамандар жағдайды жақсарту үшін жан-жақты жұмыс істеп жатқандарын айтады.

Тәртіп сақшылары жедел алдын алу шараларын, «Жолда қабылдау» акциясын сан мәрте ұйымдастыруда. Алайда, ахуал өзгерер емес. Жол апаттарының бірнеше негізгі себептері бар. Бастысы жүргізушілер қозғалысқа немқұрайлы қарап, ережелерді сақтамайды. Ал оның салдары ауыр. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру. Қарсы жолаққа шығып кету, мас күйінде темір тұлпарды тізгіндеу - қайғылы оқиғаларға жиі әкелетін себептер.

Ризахмет Жанбеков, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Ауа райы да себеп қазіргі уақытта. Осы ауа райына байланысты автокөлік жүргізушілері ұйықтап қалады. Екінші, дұрыс демалмайды. Алыс жолға шыққанда жүргізушілер өз жауапкершілігін сезіп, кісілерді тасымалдағанда жауапкершілікпен қарау керек.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу