Алматыда нөмері 96 балабақшадан бала ұрламақ болған әйел Кеген ауданындағы аналар үйінен ұсталды. Мамандардың айтуынша, ол баланың ата-анасынан ақша талап етпекші болған. 30 жастағы күдіктінің дәл осы мекемеде тәрбиеші болып жұмыс істейтіні анықталды. Баланы ұрлауға әрекеттенген кезде еңбек демалысында жүрген екен.
Айта кетейік, сол күні тал түсте жүзін жасырған әйел Әлихан есімді 5 жасар баланы алып кетуге әрекеттенген. Ол «Баланың әкесі жол апатына түсті, ал анасы ауырып жатыр» деп сендіруге тырысқан. Бірақ Айжан Бекен есімді тәрбиеші одан күдіктеніп, бірден ата-анасына хабарласамын дегенде, бейтаныс әйел қас-қағым сәтте қашып үлгерген. Қазір қылмыстық кодекстің 125-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
Нұрхан Нұрланұлы