Астыртын есірткі сатумен айналысатын интернет ресурстар көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астыртын есірткі сатумен айналысатын интернет ресурстар көбейіп барады

26.07.2019

Есірткі сатумен астыртын айналысатын интернет ресурстар көбейіп барады. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізетін «KZ-CERT» компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі әлгіндей 46 сайтты анықтаған. Олардың мәліметінше, жасырын сауда негізінен ірі қалаларда, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавлда жүргізілген. Негізінен косметикалық бұйымдар сататын интернет-дүкен ретінде тіркеліп, заңсыз әрекеттерін іске асырып келген. Тұтынушылардан төлемдерді онлайн түрде қабылдап отырған.  

 

Медет Ысқақов, «Kz-Cert» қызметінің басшысы:

Негізі бұл жұмыс жылдың басынан басталды. Біздің әріптестер арнайы мониторинг арқылы және интернет желісінде сараптама жүргізген осы сараптама нәтижесінде біз осындай ресурстарды анықтадық.

 

Ербол МӘНДІБЕК

 

 

 

Хабарламаларға жазылу