Ал «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мекеменің қазіргі жетекшісі Бекмырза Игенбердиев мәлімдеді. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланып, оны қамауға алу туралы өтініш хат жолданған. Естеріңізге сала кетейік, Талғат Ардан қызметінен 2 жыл бұрын босатылған. Содан кейін бұл компания алдыңғы басшыларының атқармаған міндеттемелеріне байланысты ұзақ уақыт бойы сотқа тартылды.
Бекмырза Игенбердиев, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы:
Оған қатысты соттың сырттай шешімі шығарылған. Халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі таңда Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ