Жер және мүлік салығы біріктіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер және мүлік салығы біріктіріледі

30.07.2019

Көлік салығын төлеу мерзімі желтоқсанның соңы емес, сәуірдің  біріне дейін ұзартылуы мүмкін. Салық туралы жаңа заң жобасының тұжырымдамасына осындай норма енгізілген. Бұл туралы Ұлттық экономика вице министрі Мәди Тәкиев айтты. Себебі қазір көлік салығынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттің еншісіне беріледі. Сондықтан бұл салықты тииімді жинап алу үшін осындай тетік ұсынылған. Тұжырымдама бүгін Әділет министрлігіндегі ведомстваралық комисиия отырысында талқыланды. Ендігі кезекте нақты заң жобасы жасақталып, Парламент қарауына өтеді. Заң жобасында салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзге де жолдары ұсынылған.

 

Мәди Тәкиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Жер салығымен мүлік салығын біріктіріп, бір салық жасайын деп тұрмыз. Неге керек ол? Жеңіл есептеу үшін. Бүгінгі күні базалар бөлек, жер салығы бөлек, мүлік салығы бөлек есептелетін, енді салық төлеушілерге бір ғана түбіртек келеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу