Жастар жылына арналған спорт додасына еліміздің әр өңірінен 100 ден астам спортшы қатысты. Атлеттер жас ерекшеліктеріне байланысты төрт категория бойынша сынға түсті. Алдымен олар үш шақырым жүгіріп, 10 шақырымды велосипедтен жүріп өтіп, тағы екі шақырым жүгірді. Алакөл жағалауында бұл жарыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Алғашқы турнир облыстық деңгейде өтсе, соңғы екі жыл қатарынан республика көлемінде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар болашақта сайысты халықаралық деңгейге жеткізбек.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ